«Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша ОП-19о оқу тобының студенттері «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы Қызылорда қосалқы бөлімінің Қызылорда станциясында тәжірибеден өтуде. Тәжірибеден өту барысында болашақ мамандар кәсіпорынның тәжірибелі және білікті мамандардың жетекшілігімен орталықтандырылған пост операторы жұмысының қыр-сырын меңгеруде. Атап айтқанда, кезекшілікті қабылдау мен өткізу тәртібін, маневр кезінде жергілікті басқару пультінен орталықтандырылған бағыттамаларды бұру тәртібін. Сонымен қатар, пойыз құжаттамасын жүргізу:  пойыз қозғалысының журналы, диспетчерлік бұйрықтар, ескертпелер бланкісі, журналдарын толтыру және оны машинистерге беру тәртібін меңгеруде. Студенттер болашақ мамандықтарына аса қызығушылық танытып, берілген тапсырмаларды орындауға өте ынталы. Кәсіпорын мамандары студенттеріміз келешекте білікті, білімді, бәсекеге қабілетті маман болатындарына сенім білдірді