Үстіміздегі жылдың 9 желтоқсан күні И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі студенттері арасында «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне» арналған АӘД ПЦК ұйымдастыруымен «Әділетті Қазақстан-сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында студенттер арасында «Баскетбол» ойыны ұйымдастырылды.
Мақсаты: студенттердің дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру спортпен машықтануына баулу,бұқаралық спортты дамыту.
Ойынға оқу орнындағы 4 бөлімше студенттері қатысып, сайысты. Сайыс нәтижесінде ер балалар арасында жалпы командалық ІІІ орынды «Логистика және көлік мамандықтары», ІІ орынды «Ауылшаруашылығы және ветеринария мамандықтары», І орынды «Энергетика және құрылыс мамандықтары» бөлімшесінің құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!




