You are currently viewing Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары

Үстіміздегі жылдың қараша айының 1-14 күндері аралығында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы мен “Сұңқар әлеуметтік қамқорлық орталығы” қоғамдық қорының ұйымдастырылуымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары” тақырыбында облыстық мақалалар байқауы өткізілді. Осы байқауға И.Әбдікәрімов атындағы аграрлы техникалық жоғары колледжінің білім алушы студенттері белсене қатысты,солардың ішінен екі білім алушы студент топ жарды. Олар “Агрономия” мамандығы АГ-22о оқу тобының 1 курс студенті Қалмахан Нұрбақыт 1-ші орын иеленіп, 75 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды және “Зоотехния” мамандығы З-20о оқу тобының 3 курс студенті Мереев Бердібек 3-ші орын иеленіп, 30 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болып, сыбайлас жемқорлықпен күресуге өз үлестерін қосты.

Добавить комментарий