«Геология және сандық техника мамандықтары» бөлімшесінің «Мұнай және газ» циклдық әдістемелік комиссиясы оқытушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршаға ортақ міндет» атты дөңгелек үстелек өткізілді.
Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты: қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерді дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғалардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында цикл оқытушысы Сағатова Зәуре қоғамның әртүрлі орталардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау жолдары туралы ойымен бөлісті және Тұрғанова Гүлдана «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті», Сәтбергенова Айгерім «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамаларды негізге ала отырып, құқықтық мағлұматтар берді. Оқытушылар ойларын бүкпесіз жеткізіп, “Сыбайлас-жемқорлықты қалай жеңуге болады?” тақырыбына кластер құрастыру арқылы қорытындылады.




