«Геология және сандық техника мамандықтары» бөлімшесі «Мұнай және газ» циклдық әдістемелік комиссиясы оқытушыларының қатысуымен өткізілетін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!» атты дөңгелек үстелек өткізілді.
Дөңгелек үстелек өткізудің мақсаты:қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерді дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғалардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында цикл оқытушысы Сағатова Зәуре қоғамның әртүрлі орталардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау жолдары туралы ойымен бөлісті және Тұрғанова Гүлдана «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті», Сәтбергенова Айгерім «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамаларды негізге ала отырып, құқықтық мағлұматтар берді. Оқытушылар ойларын бүкпесіз жеткізіп, “Сыбайлас-жемқорлықты қалай жеңуге болады?” тақырыбына кластер құрастыру арқылы қорытындылады.





Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
Қазіргі қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Қазақстан азаматтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру жолдары қандай?Осы мақсатта И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғары колледжінде 13 сәуір күні колледж комплеансының жоспары бойынша «Энергетика және құрылыс мамандықтары» бөлімі студенттері арасында «Мемлекеттік тіл және шет тілі» ЦӘК оқытушысы Қарақұл Мейрамкүл Байболатқызының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында пікірталас өткізілді.Студенттер бейнероликтерді көріп,өз ойларын ашық айтып,ой бөлісті.Сыбайлас жемқорлықтың шығу себебі,онымен күресу жолдары,еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңдар,заңсыз әрекеті мен жалған ақпарат бергені үшін күтілетін жаза,жемқорлықпен кездескен жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігі туралы мағлұматтар алды.
Колледж қабырғасынан әділдік,адалдық,парасаттылық,сенімділік сынды құндылық тарды бойына дарытып,санасына сіңірген ұрпақ, туған жері мен Отанына адал қызмет етері хақ.
«Энергетика және құрылыс мамандықтары» бөлімі студенттері «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» деген ұранмен аталған іс-шараны қолдап,жалғастыруды «Геология және сандық техника мамандықтары» бөліміне жолдады.











Үстіміздегі жылдың 31 наурызы күні И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде колледж комплеансының бекітілген жоспарына сәйкес, «Логистика және көлік мамандықтары» бөлімінің арнайы пән оқытушысы Барысов Жасұлан Жетпісбайұлының және бөлімнің белсенді білім алушы студенттерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ » тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағатының мақсаты студенттерге «Сыбайлас -жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру. Іс-шара барысында жемқорлық туралы түсінік беріліп, бейнероликтер көрсетілді. Студенттерден сауалнама алынып, пікір алмасты. Топ студенттері белсенді түрде қатысты, сабақ барысында білім алушы студенттер жемқорлыққа қатысты әр түрлі жағдаятқа байланысты көрсетілімдер қойды, пікірлері тыңдала отырып, ұсыныстар енгізілді. Әсіресе, мамандықтарына сәйкес бұл дерттің қаншалықты қауіптілігі туралы дәлелді сөздер, мысалдар айтылды. Тәрбие сағатының соңында «Логистика және көлік мамандықтары» білім алушы студенттері көлледждің басқа оқу бөлімдеріне және облыс көлеміндегі колледждерге «Сыбайлас –жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы іс -шараларды қолдап жалғастыруға шақырды.











