You are currently viewing Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!!!

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!!!

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және ішкі талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплеанс-офицер Дүрманов Бағдәулет Дербісәліұлы студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!!», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ !!!», «Біздің таңдауымыз-жемқорлықсыз болашақ!!!» т.б. тақырыптарында кездесулер,тәрбие сағаттарын, спорттық жарыстар,дөңгелек үстелдер,әңгіме-сұхбат ұйымдастыруға ықпал жасады.

Маусым айының 06-09.06. аралығында «Таза сессия!!!» тақырыбында барлық бөлімше студенттерімен кездесу өткізді. Студенттерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және ішкі талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобымен таныстырды.

Добавить комментарий