🔰 И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің 2022-2023 оқу жылының ІI семестрін аяқтауға байланысты «Таза сессия -2023» іс-шарасының жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалау, бақылау жүргізу туралы. Жиналыста директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т.Б.Байғабылов «Таза сессияның» негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық санасы мен белсенді азаматтық сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының бұзушылық көріністеріне төзбеушілік екенін түсіндіре келе, «Таза сессия» науқанының негізгі мақсаты — емтиханның объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету және білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында адалдық құндылығын кеңінен насихаттау керек екенін айтып өтті. Колледждің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-офицері, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына Дурманов Бақдаулет Дербісәліұлы Комплаенс қызметі ұжымдық сектор арасында парасатты ортаны қалыптастырудағы маңызды құрал болып табылатынын айта отырып,мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде олардың қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау мүмкіндігімен байланысты барлық тәуекелдерін алып тастау – комплаенс- офицерлердің жауапкершілік аймағына міндетті түрде кіретінін айтты. Колледжде 2023 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыс жасалып, студенттерден сауалнамалар алынып зерделеу жұмыстарын жүргізіліп жатқанын баяндады. Директордың оқу-ісі жұмысы жөніндегі орынбасары Ермұхан Бауыржан Бақытжанұлы 2022-2023 оқу жылының ІI семестрін аяқталу барысы туралы, оқу кестесіне сәйкес сынақ емтихандарын уақытылы өткізу, сессия кезінде оқытушыларға Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу керектігін ескертті. Бөлімше меңгерушілеріне «Таза сессия» жұмыстарын ұйымдастыруды талап ете келе жиынды қорытындылады.