Құрметті И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі сайтының қонақтары!

Менің блогыма қош келдіңіздер! И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі бұрыннан келе жатқан дәстүрлері, білікті педагогтар ұжымы бар колледж. Біздің оқу орнымыздан он мыңдаған түлектер шықты. Олардың көбі Қазақстанда және одан тыс жерлерде танымал мамандар болып табылады, мемлекеттік қызметте маңызды орындарға ие, ірі компанияларды басқарады. Блогта сұхбаттасу байланыс жеделдігін арттыруға, колледж туралы Сізге қажетті ақпаратты алуды жылдамдатуға мүмкіндік береді. Біздің жоғары колледжімізді жете тану үшін, күндізгі және сырттай оқу бөлімге ауылшаруашылық, мұнай және газ саласы, теміржол мамандықтар саласы, политехникалық саласы мамандықтарды таңдау ықыласыңызды орнықтыру үшін колледжімізге шақырамыз. Сізді қызықтыратын барлық сұрақтарыңызға интернет-тілдесу режимінде жауап беруге дайынбыз.

Ізгі ниетпен, Жоғары колледж директоры Абдикаримов Бахытхан Жунайдович