You are currently viewing Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу-ол мәдениет

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу-ол мәдениет

2022жылдың 9 желтоқсан күні И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «9 желтоқсан- Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» аясында «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу-ол мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

🖍Іс-шара мақсаты:

1. “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіру, оның пайда болу жағдайлары, қоғам дамуына тигізетін кері әсерлері және олардың жолдарын кесу

2. Біздің қоғамымызды қалыптастыратын дамытатын жас жеткіншектеріміздің санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұраалатын мәдениетті қалыптастыру.

🖍Іс шараға:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Мадалиева Ақзада Алайдаровна

2. Қоғамдық даму басқармасының заңгері Айбергенова Айсана Ерболатқызы

3. «Жас Сарбаз» жас өспірімдер әскери патриоттық Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Төлебай Әкімжан Еркінұлы

4. Директордың оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары және колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері

Дурманов Бағдаулет Дербесәліұлы және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

🖍Дөңгелек үстел сыбайлас жемқорлық тақырыбында видеоролик көрсетумен басталды, сол көрсетілген ролик аясында шараға қатысушылар өз пікірлерін ашық айтып,ондай сыбайластықтың алдын алдын алып болдырмау үшін ұсыныстарын ойларын ортаға салды.

🖍Шара барысында колледж студенттерінің қала тұрғындарынан және студенттерден «Қоғам құрты сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуге болады» тақырыбында жүргізілген қоғамдық бейне сауалнамасын көрсету арқылы халықтың сыбайластыққа барынша қарсы екенін және онымен күресу жайлы ұсыныстарын қатысушыларға баян етті.

🖍ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Мадалиева Ақзада Алайдаровна өз сөзінде сыбайластыққа байланысты жаңадан шыққан заңдар мен бұйрықтар жайлы айта келіп сөз соңында колледж ұжымына келеңді істері үшін алғыс білдірді.

🖍Қоғамдық даму басқармасының заңгері Айбергенова Айсана Ерболатқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыста атқарылып жатқан қомақты жұмыстар, іс шараларды айтып өтті.

🖍Жас Сарбаз» жас өспірімдер әскери патриоттық Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Төлебай Әкімжан Еркінұлы бейнеролик көрсетіп, жастарды адалдыққа ұлтжандылыққа,өз отанын сүюге шақырды.

🖍Іс шара барысында колледж студенттері арнайы шақырылған қонақтарға өздерінің ойландырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

Шара соңында Директордың оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары және колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Дурманов Бағдаулет Дербесәліұлы келген қонақтарға, оқытушыларға, студенттерге және ұйымдастырушылар Мұсабекова Гүлдана мен Сисенбиев Нұрлыбекке алғыс айтып, дөңгелек үстелді қортындылады.

Добавить комментарий