You are currently viewing Сыбайлас жемқорлықпен күрес-жарқын болашақтың кепілі

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-жарқын болашақтың кепілі

Облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетовтың 9 желтоқсан- Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған облыстық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес,7 қараша күні И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде Қоғамдық пәндер цикілінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді, шара дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды.

📍Мақсаты: жастарды ұлтжанды, өз отанын сүюге, әділ болуға тәрбиелей отырып, жоғары құзіретті білікті маман қалыптастыру. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Қозыбағарова Жанар Жалғасбайқызы, Қоғамдық даму басқармасының заңгері Айбергенова Айсана Ерболатқызы, колледжіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплеанс-офицері Дурманов Бағдәулет Дербісәліұлы, колледж инспекторы Досмағамбетов Асқар, колледж психологы Сейтжан Сара және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында «Жемқорлық ғасыр дерті» бейнеролигі көрсетіліп, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңдары мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына тоқталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Қозыбағарова Жанар Жалғасбайқызы тұжырымдамадағы сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске байланысты іс-шаралардың нақты тізбесіне тоқталса, Қоғамдық даму басқармасының заңгері Айбергенова Айсана Ерболатқызысыбайлас жемқорлыққа қарсы облыста ұйымдастырылып отырған іс-шараларды айтып өтті. Колледжіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплеанс-офицері Дурманов Бағдәулет Дербісәліұлы бұл індетті жоюдың басты бағыты-сапалы білім алу арқылы, мәдениетті сананы қалыптастыру керектігіне тоқталды. Іс-шара барысында колледж студенттері арнайы шақырылған қонақтарға өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын қойып қанағаттанарлық жауаптар алды. Шара соңында колледж директорының орынбасары Б.Дурманов дөңгелек үстөлге келген арнайы қонақтарға, қатысушыларға алғыс айтып,жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий