И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл комплаенс – офицерінің бекітілген жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу» тақырыбында «Ауылшаруашылық және экологиялық пәндер» ЦӘК оқытушыларының және білім алушы студенттерімен бірлесіп жасаған «Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың нәтижесі – білім және бақыт» тақырыбында бейнеролик дайындалды.
Осы бейнеролик аясында пікірталас өткізілді. Пікірталаста білім алушы студенттер сыбайлас жемқорлық кез келген тұлғаның ,қоғамның ,тіпті тұтас мемлекеттің өркениетіне балта шабатын ауыр індет екендігін ,бұл індетпен күрестің басты қағидасы –қылмыстық фактілерге бей – жай қарамау және көз жұмбау жөніндегі пікірлерін айтты.
Нәтижесі: Пікірталас барысында қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы екендігі, оған жүйелі көзқарас, жан-жақты және шешуші іс-әрекет қажет екендігі айтылды.



