2021-2022 оқу жылының кестесіне сәкес 08410100 Ветеринария мамандығы В-19о Н оқу тобының студенттері 18.04-30.04.2022ж аралығында «Індеттану микробиологиясымен және вирусология», «Паразитология және инвазиялық аурулар» пәндерінен келісім шарт бойынша Қызылорда қалалық ветеринарлық станциясында және оған қарасты аулдық округтерде орналасқан ветеринарлық пункттерде тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында студенттер көктемгі егу жұмыстарына (вакцинациялау), қан алу, сырғалауға көмектесіп теориядан алған білімін тәжірибемен ұштастыруда. Сонымен қатар мал басын бірдейлендірудің цифрлық жүйесі portal.iszh.kz, VetLab жануарларды диагностикалық зерттеудің ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауды үйренуде.



И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің «Орман шаруашылығы, бақтық саябақтық және ландшафтық құрылыс» мамандығы бойынша 3 курс О-19о тобының студенттері Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде оқу тәжірибеден өтуде.
Оқу тәжірибе барысында орман шаруашылығы мекемесінің карталарымен, таксациялық сипаттамаларымен, орман қорғау, орманды сақтау, орманды молықтыру, орман орналастыру, орманды пайдалану жұмыстарының барысымен және олардың құжаттамаларымен таныстырылып, сабақтар берілді.
Мекеменің тұқымбағы орналасқан «Пригородное» орманшылығына (25 шақырым қашықтықтағы) студенттерді апару ұйымдастырылып, тұқымбақ бөлімшелерімен, ондағы егілген орман дақылдарымен таныстырылды. Сеппе бөлімі, мектеп бөлімі, аналық бөлімшелері туралы түсініктеме берілді. Сонымен қатар 2021 жылдың күзінде егілген сексеуіл тұқымбағында болып, шығып келе жатқан өскіндермен таныстырылды.
Ақтөбе, Тартоғай орманшылықтарында бұрынғы жылдары егілген орман екпелері мен табиғи өсіп тұрған орман екпелеріне түсініктеме беріліп, жағдайларымен таныстырылды. Қазіргі уақытта оқу тәжірибесі ары қарай жалғасын табуда.
Оқу тәжірибе барысында төмендегі студенттер белсене қатысып, араласты: Уткелбаева Арайлым, Ерназарұлы Жанболат, Жолтай Біржан, Меңдулла Дәулет, Тайжан Диас, Бейбіт Бекзат.Оқу тәжірибеге жетекшілік етуші оқытушы — Аралбаева Рауа Мажитқызы.


